Сарыағашта млн теңгенің малын жымқырған үшеу құрықталды
Сарыағашта млн теңгенің малын жымқырған үшеу құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі бірдей тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жайылымдық жерде арқандаулы тұрған әрқайсысының құны 300 мың теңге тұратын екі бас жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екінші жәбірленуші ауыл ішінде жайылып жүрген әрқайсысының құны 700 мың теңге тұратын екі бас сиырын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі бір млн теңгені құрады.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары орын алған мал ұрлығы қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шықты. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар үш жергілікті тұрғын ұсталды.
Тексеру кезінде анықталғандай, ұйымдасқан үшеу қаражат табу мақсатында осындай әрекетке барған. Сезіктілер оңай жолмен келген бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.