Ақтөбеде "Түнгі қаладағы балалар" жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Ақтөбеде "Түнгі қаладағы балалар" жедел алдын алу іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz
27-29 маусым аралығында облыс аумағында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Мақсаты - балалар еңбегі мен құқықтарын пайдалану фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде болуын анықтау.
Іс-шара барысында алкогольді ішімдіктер ішетін, түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға итермелейтін адамдарды анықтау бойынша рейдтер өткізіледі.