Ішкі істер министрі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер.
Полиция азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады. Біздің негізгі мақсатымыз – ашықтықты, жариялылықты, сондай-ақ біздің қызметіміздің тиімділігі мен кәсібилігін барынша қамтамасыз ету. Ал азаматтардың сенім деңгейі – біздің жұмысымыздың басты индикаторы.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен толыққанды өзара іс-қимыл жасамай, осы міндетті шешу мүмкін емес. Сіздер мемлекеттік органдар мен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген маман иесісіздер.
Әрқайсыңыз шынайы ақпарат таратудың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көрінетіңдеріңізге сенімдімін.
Журналистер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін! Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс, отбасыларыңызға бақ – береке тілеймін!, – делінген хабарламада.