Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құқық бұзған жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік шара көрілді

Қызылордада құқық бұзған жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік шара көрілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы аясында есепте тұрған 18 қолайсыз отбасының 48 баласымен құқықтық профилактикалық әңгімелесулер жүргізді. Шара барысында құқық бұзушы 155 жасөспірім басқармаға жеткізіліп, олардың ата-аналарына 169 әкімшілік хаттама толтырылды

Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікті болдырмау, қылмыстардың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды анықтап, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі тексеру жұмыстары жүргізілді.

– Нәтижесінде құқық бұзушы жасөспірімдердің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442- бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша 155 әкімшілік шара көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) сегіз хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, біріктірілген деректер базасына екі ата-ана қолайсыз отбасы ретінде және де төрт кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқық бұзушыларға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, –  деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Айдос Прежекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру