Щучинск тұрғыны анасын іздеп тауып берген полицейге алғысын айтты
Щучинск тұрғыны анасын іздеп тауып берген учаскелік полиция инспекторына алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс сөздерін ақмолалық тұрғын Щучинск қаласының қалалық пабликтерінің (shchuchinsk_life) біріне жазды.
3 шілдеде оның 83 жастағы қарт анасы, екінші топтағы мүгедек, екі қабатты үйдің ауласынан азаматша өзінің жұмыстары бойынша жүргенде кетіп қалған. Алдымен Щучинск қаласының тұрғыны анасын өз бетінше табуға тырысты. Алайда іздеу сәтсіз аяқталды. Кейін азаматша полицияға жүгінді. Учаскелік инспектор Әділет Мағауия жоғалған әйелді іздеп тапты. Қарт әйел жүруге көмектесетін құрылғымен қозғалады. Шамамен 1,5 шақырым жүріп өткен ол Көкшетау қаласының бағыты бойынша тас жолға шықты.
– Учаскелік полицейлер оны жарты сағат ішінде іздеп, тапты. Біз Горная көшесінде, элеватор ауданында тұрамыз. Ал ол жолдың арғы бетінен, Синегорье жақтан табылды, – деп жазды ақмолалық.
– «Адамгершілік әлі жоғалмапты», «Құдайға шүкір, табылды, және бәрі жақсы», «Жарайсың, Әділет!»,- деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Айта кетейік, аталған әкімшілік учаскеде Ә.Ә. Мағауия өткен жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеп келеді.