Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны жолда көмек көрсеткен полицейлерге алғыс айтты

Ақмола тұрғыны жолда көмек көрсеткен полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілдеде Көкшетау-Атбасар автожолының 45 шақырымында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру кезінде ПД ППБ қызметкерлері тоқтауды өтінген азаматшаны байқады.

Анықталғандай, Audi 80 автокөлігімен ақмолалықтар Зеренді ауылынан Шортанды ауылына жүріп келе жатқан. Алайда жолда генератор істен шыққан.

– Бұл демалыс күні болғандықтан, барлық ТҚС және авто бөлшектер дүкендері жабық болды, – деп жазады Қымбатгүл Есмағамбетова.

Полиция қызметкері Ерлан Құсайынов пен «Тұлпар 14 П1» автопатрульінің экипажы Алмас Сатыбалдинов Зеренді ауылынан автоэлектрикті алып келді. Ол көліктің бұзылу себебін анықтап, кейін жаңа генератор әкелу арқылы жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесті.

Тәртіп сақшыларының уақтылы көмегінің арқасында көліктің жүргізушісі мен жолаушылары сапарын жалғастырды. Көлікте үш ересекпен бірге 7 жасар бала болған.

– Осындай жауапкершілігі жоғары қызметкерлердің арқасында баламыз екеуіміз ыстық күні үйімізге амен-есен жеттік. Қиын уақытта адамдарға көмектескеніңіз үшін үлкен рақмет! Жарайсыңдар! Алдағы уақытта табыс және қызметте жоғарылауды тілеймін!, – деп жазды ақмолалық тұрғын алғыс сөздерін ПД-нің instagram ресми парақшасының direct-не.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру