Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады

СҚО полицейлері жұмыстың сервистік моделі аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаментінде СҚО әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиевтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – облыс әкімдігі жанындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының маңызды міндеті болып есептелетін полицияның сервистік моделін масштабтау.

Кеңесте атап өтілгендей, бірлесе қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 4,5%, көшелерде жасалатын қылмыстар 27,7%, рецидивтік қылмыстар 16,7%, масаң күйде жасалатын қылмыстар 16%, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жасалған қылмыстар 43,3%-ға азайған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының басшысы Мирлан Биялиев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілді енгізу бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері туралы тоқтала кетті. Сонымен қатар проблемалық сұрақтар қаралып, бірқатар шешімдер қабылданды. Жұмыс тобына қыркүйек айына дейін СҚО Полиция департаменті атына Петропавл қаласы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізді ұсыныс енгізу, СҚО әкімдігі алдында криминогендік шиеленісті азайту үшін халықты жұмыспен қамту мәселесіне бастамашылық ету ұсынылды.

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жұмыс тобын барлық мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен жасақтау қажеттігін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне сервистік модель негізінде полицияны дамытуда халықаралық тәжірибеге сүйенуге міндет қойды. Басты мақсат қауіпсіздікті сезінуді қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Басты назарда – біздің қоғамның азаматтары, ал тиімділіктің көрсеткіштері – полицияға деген халықтың сенімі, – дейді Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру