Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Моншаның дүкеніне ұрлыққа түскен отырарлық ер адам ұсталды

Моншаның дүкеніне ұрлыққа түскен отырарлық ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар аудандық полиция бөліміне кәсіпкерлікпен айналысатын жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, оларға тиесілі моншадағы дүкенге белгісіз біреу кіріп, киім-кешектер мен азық-түлік заттарын ұрлап кеткен. Жәбірленушінің біріне 541 мың теңге, екіншісіне 58 мың теңге, үшіншісіне 6 250 теңге шығын келген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлердің жасаған жедел әрекеттерінің арқасында күдікті ретінде жергілікті тұрғын, яғни орта жастағы ер адам ұсталды.

Анықталғандай, күдікті дүкенге терезені сындырып кіріп, дүкен ішінен өзіне қажетті заттарды ұрлап кеткен. Сезіктіден айғақты заттар алынып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру