Қарағандыда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен шетелдіктер анықталды
Қарағандыда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен шетелдіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21-ші маусымда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары аумақтық пәтер аралау жұмыстарын жүргізді. Көпқабатты үйде орналасқан пәтерлердің бірінен олар 27 жастағы ер адамға назарлары түскен. Құжаттарын тексеру барысында, оның Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды. Яғни, оның ұсынған төлқұжаты полицейлерге күмән ұялатты. Соңында, күдік негізді болып шықты, ер адамның төлқұжаты жалған болып, шетелдік өзі болмай шықты.
Сонымен қатар, оңтүстік республиканың аталған азаматы 2019 жылы Қарағандыға келіп, көші-қон заңнамасын бұзғандығы анықталды. Бұған қоса, ол Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзды. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен республикадан тыс бірнеше жылға кіруге тыйым салынған.
Өзбекстанда болған кезінде, аталған ер адам өзінің жеке мәліметтерін толығымен өзгерткен: тегін, атын, әкесінің атын. Жаңа төлқұжат жасатып алып, ол Қазақстанға қайта оралған, алайда оның мұндай қитұрқы амал-әркеттерін қарағандылық полицейлер тауып алды.
28-ші маусымда «Заңсыз – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қызметкерлер Тәжікстан Республикасының 25 жастағы азаматын анықтады. Шетелдіктің төлқұжатында оның Қазақстан шекарасынан өткендігі туралы белгі болмаған.
Екі дерек бойынша ҚР ҚК 392-бабы (ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.