«Нелегал-2022» ЖААІШ: ШҚО-да 200-ден астам ҚР азаматы жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да 200-ден астам ҚР азаматы жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Нелегал-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының мекенжайларын, сондай-ақ шетелдіктердің болуы туралы қабылдаушы тұлғалардың хабарламаларын тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.
Жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері Қазақстан Республикасының 200-ден астам азаматы жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектісі – Шемонаиха қаласында қонақ үй иесі онда 15 күннен артық тұрған шетел азаматының болғаны туралы хабарламады.
Полиция органдарын шетелдіктің жеке кәсіпкерге қатысты болғаны туралы уақтылы хабардар етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік хаттама толтырылды.
Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар 3 күн ішінде өздерінде шетелдіктердің болуы туралы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті екенін еске салады. Ол үшін болу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық және көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz).