Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер арасында қоян-қолтық ұрысынан іріктеу кезеңі өткізілді

Маңғыстау облысы Полиция департаменті «Динамо» дене шынықтыру спорт кешенінде ведомство бөліністері қызметкерлері арасында ҚР ІІМ қоян-қолтық ұрысынан чемпионатқа іріктеу кезеңін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның ашылу салтанатында қызметкерлер сап түзеді. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Салауатты өмір салтын насихаттау, күш құрылымдары қызметкерлерінің физикалық дайындықтарын сынға салу мақсатында ұйымдастырылған бұл жарыста сегіз салмақ дәрежесі бойынша 60 қызметкер бақ сынасты.

Спорттық дода тартысқа толы болды. Жалпы командалық есепте ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің командасы бірінші орынды иеленсе, ПД ОЖР командасы екінші орынды еншіледі. Ал Мұнайлы ауданы полиция бөлімі құрама командасы үшінші орынды қанжығаға байлады. Шара соңында жеңімпаздар медальдар және дипломдармен марапатталды. 

– Жеңіс құтты болсын! Алдағы уақытта белестерді бағындырып, үлкен додаларда биіктен көріне беріңіздер, – деді департамент бастығының орынбасары Қандарбек Бахтыгереев.

Сайыстың жеңімпаздары Атырау қаласында өтетін додада өңір намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру