Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Сергек” камералары арқылы 336 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Шымкентте “Сергек” камералары арқылы жарты жылда 336 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың осы жылдың алты ай көрсеткіші бойынша “Сергек” бақылау жүйесіне Шымкент қаласы аумағында жол ережесін бұзған 336 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Қазіргі таңда “Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы Полиция департаментінде 19 сәуірден бастап іске қосылған. Осы күнге дейін “Сергек қорғау” бейнекамераларының көмегімен 1299 жүргізуші анықталды. Оның ішінде ресейлік нөмірмен жүрген 1102 жүргізуші, армян – 110, қырғыз – 43, грузин – 8, Өзбекстан – 19, Қазақстан – 4, Беларусь – 2, Әзірбайжан – 1, Болгария нөмірімен жүрген бір жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ, 4982 жол қозғалысы ережелерін бұзудың сомасы айыппұлмен 127 801 875 теңгені құрайды. 1008 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Мысалыға айта кетсек, жалған нөмір таққан Toyota Camry автокөлігі 48 рет жол қозғалысы ережесін бұзған, оған 1 млн 13 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру