Нұр-Сұлтанда қымбат виски ұрлаған күдікті ұсталды
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында ер адам күндізгі уақытта Майлин көшесіндегі дүкендердің бірінде болып, сөреден "Ballantine's Finest" маркалы вискиді ұрлап кеткені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен "Ұрлық" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады, ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.