Көкшетауда жас полицейлер ғылыми-әмбебап кітапхананы аралады
Көкшетауда жас полицейлер ғылыми-әмбебап кітапхананы аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 маусымда Ақмола облысы ПД музейінің мамандары жас полиция қызметкерлеріне Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қабырғасында экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара елорда күнін мерекелеуге орайластырылған.
Ғылыми кітапхана қызметкерлері Қ.Мұхамедқалиева мен М. Ивахина мекеменің түрлі бөлімдеріне делегация жүргізді, олардың ішінде шет тілдеріндегі әдебиет бөлімі, мобильді кітапхана, коворкинг-орталықтар, экскурсияға қатысушыларды электрондық каталогпен, тарихи-әдеби портал жұмысымен таныстырды.
Мұражайға келушілерге кітапхана қабырғасында кез-келген әдебиетті цифрландыру мүмкіндігі туралы айтылды, ол үшін барлық қажетті жабдықтар бар. Сонымен қатар, делегация мүшелері кітапхана қабырғасында шет тілдерін үйрену мүмкіндігі туралы білді.
Өз кезегінде мекеме қонақтары құқықтық мәселелер бойынша әдебиеттер, энциклопедиялар мен анықтамалықтардың болуына қызығушылық танытты. Қызықты экскурсияның соңында жас полиция қызметкерлерінің назарына «Таңғажайып Астана» фильмі ұсынылды.
Полиция қызметкерлері іс-шараны ұйымдастырушыларға Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасы астанасының көрікті жерлеріне арналған мазмұнды және қызықты экскурсия үшін, сондай-ақ елорда маңындағы өңірдің киелі географиясы бойынша басылымдармен және жаңа әдебиеттермен танысқаны үшін алғыс білдірді.