Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны полицияға сирек кездесетін мылтықты тапсырды

Петропавл тұрғыны полицияға сирек кездесетін мылтықты тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны ішкі істер органдарына бір жарым ғасыр бұрын жасалған қаруды тапсырды.

Ер адам ескі гаражын бұзған кезде еден астынан мылтық оралған түйіншекті тауып алған. Ол табылған затты бірден қалалық полиция басқармасына тапсырған. Зерттеу барысында криминалистер бұл қару кейін аңшы мылтығына өзгертілген, халық арасында «фроловка» деп аталып кеткен 1870 жылғы Бердан винтовкасы екенін анықтады. Тарихи дереккөздерге қарасақ, XIX ғасырдың аяғында Бердан винтовкаларының әскери қоры аңшы мылтығы ретінде сатылған.

Кейін 1920 жылдары тозған винтовкалар Тула қару зауытында 28-ші калибрлі қаруға өзгертіліп шығарылды. «Фроловка» атауымен белгілі болған бұл тегіс ұңғылы қару аңшы мылтығы ретінде сатылған. Дәл осындай үлгіні Петропавл тұрғыны тауып алған.

– Криминалистердің қорытындысына сәйкес қару атуға жарамсыз. Қазіргі уақытта сирек кездесетін затты СҚО Полиция департаментінің музейіне тапсыру мәселесі шешілуде. Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру оны заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататыны туралы еске саламыз, – деп хабарлайды СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру