Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрыштың ішіндегі телефон мен шамдағы марихуана: колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды

Павлодар облысында колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қауіпсіздігі орташа АП-162/3 мекемесінің қызметкерлері мен 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тәртіпті обьектінің аумағына тыйым салынған затты әкелу әрекетінің алдын алды. Әдеттен тыс сәлемдемені 46 жастағы Павлодар тұрғыны ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан танысына қысқа кездесуге әкелген.

– Сәлемдемені тексеру кезінде электр шамы анықталды, оның ішінен ерекше иісі бар сұр-жасыл заты бар полиэтилен пакеті табылды. Тергеу-жедел тобы шақырылып, зат сараптамаға алынды. Бұл кездесу пайдаланылған болып саналады, – деп түсіндірді мекеме бастығы Куаныш Койчубаев.

Айта кету керек, электр шамы рұқсат етілген заттардың тізімінде жоқ және келушілерге бәрібір қайтарылатын еді.

Сол күні қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/2 мекемесінде қалаға шығып қайтқаннан кейін 36 жастағы сотталғаннан ұялы телефон табылды. Ұялы телефон тәтті бұрышқа айлалы тәсілмен жасырылған. Сотталған тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеушілер қалаға кіруге құқылы. Алайда олар мекемеге оралған соң колония аумағына тыйым салынған заттарды кіргізбеу мақсатында тінтуден өтеді, – деді АП-162/2 мекемесі бастығының орынбасары Султан Бакин.

Айтпақшы, тыйым салынғанды әкелуді жүзеге асырмақ болғаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгіме өткізілетініне қарамастан, телефондар мен есірткі өткізу әрекеттері орын алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру