Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдықтар алаяқтармен сөйлесу кезінде жазылған жазбаны бір-біріне таратып ескертуде

Петропавлдықтар алаяқтармен сөйлесу кезінде жазылған жазбаны бір-біріне таратып ескертуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда әлеуметтік желі қолданушылары алаяқ пен облыс орталығы тұрғынының арасында болған әңгіменің аудио жазбасын таратуда. Әңгіменің басында әйел адам өзін Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкері ретінде таныстырған. Ол ер адамның шотынан ақшалай қаражаттың ұрлану фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалғанын айтқан. Сөзіне қарағанда, белгісіз әйел ер адамның атынан ресімделген бас сенімхатпен екінші деңгейлі банкілердің біріне жүгінген. Ол ер адамның шотындағы ақшаны оның еміне алмақшы болған. Сондай-ақ, «полицей қыз» петропавлдықта басқа банкілерде салымдарының бар-жоғын білмекші болған. Ер адам қоңырау шалып тұрған қызға сенбей, әңгімені тоқтатқан.

– Солтүстікқазақстандықтарды бұндай қоңырауларға сенбеуге шақырамыз. Соңғы кезде алаяқтар өздерін құқық қорғау органдары қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген деректер жиіледі. Полицейлердің аты-жөнін нақтылау үшін жағдайды түсіндіре отыра, аумақтық полиция бөліністеріне жүгінуге болады. Байланыс нөмірлері ресми сайттарда жарияланған, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Полицейлердің жүргізген түсіндіру жұмысы арқасында облыс тұрғындарының көпшілігі өзінің қаражатын алаяқтардан сақтап қалды. Мәселен, ұқсас қоңырау петропавлдық зейнеткердің телефонына келіп түскен. Қоңырау шалған адам өзін прокуратура қызметкері ретінде таныстырған және одан банктегі есепшоттары туралы сұраған. Бірер күн бұрын Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құрамында аталған ер адам тұрған ардагерлер ұйымына профилактикалық жұмыспен барып қайтты.

Жыл басынан СҚО-да алаяқтардың құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып өзін таныстыруының 30-дан астам дерегі тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру