ІІМ: Заңнамаға тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтарға қатысты түзетулер енгізіледі
Заңнамаға тұрмыстық-отбасылық құқық бұзушылықтарға қатысты түзетулер енгізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері полицияға тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша 70 мың хабарлама келіп түсті. Оның 43 мың жағдайында шақыртушылар арыз жазудан бас тартқан: бірі жәбірлеушісімен татуласса, ал енді бірі үйдегі агрессордан қорыққанынан.
Бүгінгі таңда полицияның бұл салада өкілеттігі шектеулі. Тәртіп сақшылары «үй тирандарын» арыз жазылған кезде ғана жауапқа тарта алады. Сондықтан денсаулыққа зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін жауапкершілікті криминализациялау қоғамда белсенді түрде ұсынылуда.
Әкімшілік қамаққа алу мерзімін ұлғайтып (төменгі шегін арттыра отырып), ал ескертудің орнына – қоғамдық жұмыстарға тартуды енгізу қажет.
Денсаулыққа зиян келтірумен байланысты қылмыстардың жекелеген құрамдарына – «тұрмыстық-отбасылық қатынастардағы адамға қатысты» деген саралау белгісі енгізілсін.
Тараптардың татуласу мүмкіндігі тек сотта және бір рет болады.
Заңнамалық түзетулер пакеті әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.