Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде екі жігіт сатушыға жалған түбіртек көрсетіп, алдап кеткен

Ақтөбеде екі жігіт сатушыға жалған түбіртек көрсетіп, алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

13 шілдеде екі жас жігіт азық-түлік дүкенінің сатушысын алдап кеткен. Алаяқтар тауар алғаны үшін смартфондағы интернет-банкинг арқылы төлем жасап, жалған чекті көрсеткен. Сатушы клиенттердің смартфонына қарап, төлем туралы хабарлама кейінірек келеді деп үміттенді. Бірақ ешқандай ақша түскен жоқ. Шығын сомасы – 7 мың теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады, ұсталғандардың осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру