Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын дипломдық жұмыс жазуда көмектескені үшін алаяққа ақы төлеген

Ақмолалық тұрғын дипломдық жұмыс жазуда көмектескені үшін алаяққа ақы төлеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілдеде Ақкөл АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісін пайдалана отырып, алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады.

Ақкөл қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, 17 сәуір мен 5 мамыр аралығында оның Instagram аккаунтындағы жеке парақшасына белгісіз ер адам хат жазып, азаматшаның сеніміне ие болып, телефон нөмірлерімен алмасып, дипломдық жұмысты жазуға жәрдемдесуге уәде бергенін хабарлады.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша ол алаяқтың ықпалына түсіп, оның өтініші бойынша белгісіз әйелдің картасына 150 мың теңгені қалай аударғанын өзі түсінбей қалған. Қаражатты алған қаскүнем телефонды өшіріп, байланысқа шығуды тоқтатқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Банк картасы қаскүнемнің танысына тиесілі екендігі анықталды.

Ақкөл АПБ аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру