62 жастағы ТҚС қызметкері катализаторды ұрлап кетті
Нұр-Сұлтанда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, Дүкенұлы көшесіндегі ТҚС-на жөндеуге қалдырған Nissan Primera автокөлігінен белгісіз біреу құны 300 мың теңге тұратын катализаторды ұрлап кеткенін айтқан.
Анықталғандай, қаскүнем ТҚС-да жұмыс істеп жүріп, катализаторды байқаған. Күдікті түнгі уақытта жұмысшылардың жоқтығын пайдаланып, автобөлшекті ұрлап кеткен.
Аталған фактіге байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.