Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бірінші жартыжылдықты қорытындылады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев жеке құрам қызметкерлерінің, мекеме бастықтарының қатысуымен жедел кеңес өткізіп, бірінші жартыжылдықты қорытындылады. Жедел кеңес барысында департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев ІІМ алқа отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды жеке құрам назарына жеткізді.
Жедел кеңесте ҚАЖ департаментінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы туралы департамент бастығының режим және қадағалау жұмыстары жөніндегі орынбасары М. Нәкенов баяндама жасады. Орынбасардың сөзінше алты ай ішінде ҚАЖД ведмостволық бағынысты мекемелердің аумағына сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, ізгілендіру актілерін қолданылуы түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сонымен қатар, сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуы, оларға көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілуі және тылмен, қаржымен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, медициналық, психологиялық көмектер беруді тапсырды.
Сондай-ақ, орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына сотталғандар туралы мәліметті уақытылы енгізуді тапсырды. Аудандық және қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.