Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жол апаты орын алды: бір адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Шымкентте жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінен шұғыл топ құрылып, оқиға орнына барды.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, сағат 20:00 шамасында төрт жолаушысы бар ВАЗ-21099 автокөлігі Төле би ауданынан Шымкент қаласы бағытына қарай қозғалған. Осы сәтте жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Passat жеңіл көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жол апатынан ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, көліктің тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру