Атырауда көлігін мүгедектерге арналған тұраққа қалдырған жүргізуші айыппұл арқалады
Атырауда көлігін мүгедектерге арналған тұраққа қалдырған жүргізуші айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау қаласы Полиция басқармасына қала аумағында орналасқан қоғамдық орындар мен сауда орталықтарының автотұрақтарында мүгедектерге арналған тұраққа көлік құралдарын қалдырып кететін жүргізушілерге қатысты көптеген шағымдар түсуде. Осыған байланысты Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мүгедектерге арналған тұраққа көлік құралын қалдырған жүргізушілерге қатысты рейдтік іс-шаралар өткізді.
Мәселен, 18 шілде күні Студенттер даңғылы бойында орналасқан №1 қалалық емханасының автотұрағында мүгедектерге арналған тұраққа Toyota автокөлігін қойған 41 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 4-бөліміне сәйкес, әкімшілік хаттама жасақталып, 10 АЕК (30600 теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Осы ретте Атырау қаласы ПБ көлік құралын тұраққа қойған кезде жол белгілері мен жол таңбаларына аса мән беріп, жол қозғалысының өзге де тұлғалар қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырады.