СҚО-да ұрлық үшін сотталған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды
СҚО-да ұрлық үшін сотталған ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған М.есімді азамат Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық ПҚБ есебінде тұр.
ҚР ҚК 44-бабының 1-бөлігі негізінде сот үкім шығару кезінде М. тұрғылықты жұмыс орны болмағандықтан, күніне 4 сағат, жылына 100 сағаттан аспайтын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін барлық жаза өтеу мерзіміне мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы белгіленді.
Сондай-ақ, есепке қойылған сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті аумақтық селолық әкімдікке жіберілді.