Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында көлікті пайдалану қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталды

Атырау облысында көлікті пайдалану қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір тәулік ішінде көліктің терезелерін қараңғылату мақсатында қара түсті пленка жабыстырған 20-ға жуық көлік жүргізушісін анықтады. Оның ішінде бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар.

Мәселен, орталық Қ. Сәтбаев даңғылы бойында Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы азамат бір жыл ішінде көлік құралының терезелерін қараңғылатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, көлігінің алдыңғы бүйір терезесін күңгірттеген.

Аталған факті бойынша 24 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кемшіліктерді жоя отырып 20 АЕК (61260 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көлік құралының сыртқы жарықтандыру аспаптары конструкциясына сәйкес келмейтін ксенон, лэд жарық шамдарын пайдаланған және мемелекеттік белгілері жоқ көлік құралын басқарған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру