Отырарда суға түсу ережесін бұзған 35 тұрғынға ескерту берілді
Отырарда суға түсу ережесін бұзған 35 тұрғынға ескерту берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталағы» мекемесі, аудандық адами әлеуетті дамыту, төтенше жағдайлар бөлімдері өкілдерімен бірлесіп, рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырды.
Тиісті мамандардан жиналған топ аудан аумағында тұрғындарға суға шомылу аймақтарында, көпшілік шоғырланатын жерлерде, жағажайлар мен каналдарда суға батып кету жайттарын болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қандай да бір әкімшілік құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы да айтты.
Рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 35 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тұрғындардың барлығына ескерту берілді.