Елордада жаңа таныстық телефонды ұрлаумен аяқталды
Нұр-Сұлтанда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 45 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта Жангелдин көшесіндегі сауда үйінің жанында мас күйде болғаны анықталды. Сол жерде ол бір ер адаммен танысып, әрі қарай ішімдік ішу үшін оның үйіне барған. Біраз уақыттан соң жәбірленуші ұйықтап қалады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, күдікті Redmi ұялы телефонын ұрлап кетіп қалған. Материалдық шығын шамамен 70 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Заттай айғақ тәркіленді.