Дүкеннен шалбар мен спорттық аяқ киім ұрлаған жігіт ұсталды
Нұр-Сұлтанда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған Ақмола облысының 21 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті сағат 18:00 шамасында Уалиханов көшесінің бойында орналасқан «Тұлпар» сауда үйіндегі «Спортмастер Казахстан» бутигінен сатушының жоқтығын пайдаланып, екі дана ерлер шалбары мен спорттық аяқ киімді ұрлап, ізін суытқан.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.