Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлермен жол белгілері жаңартылуда

Түркістандық полицейлермен жол белгілері жаңартылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен және мүдделі органдармен бірлесіп, жол қауіпсіздігін жақсарту, жол инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жол жүрісін реттеудің және бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша бірқатар профилактикалық іс-шараларды іске асыруда.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың негізгі факторларының бірі – жол белгілері мен сызықтардың тиісті ережелер мен стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету. Осы бағытта Түркістан ҚПБ Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер зерделенді.

Нәтижесінде, ҚР 2014 жылғы «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Түркістан қаласы Ататүрік көшесіне 3,27 аялдауға тыйым салатын жол белгісін орнатып, жол таңбаларын сызу керектігі бойынша акт түзілді. Аталған кемшілікті жою мақсатында Түркістан қаласының Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары мекемесіне жазбаша түрде нұсқама беріліп, бір тәулік ішінде жол белгісі сызылған.

Яғни, жолдың жүру бөлігіне жол таңбасын сызып, екі жақтама төрт жол белгісі орнатылды. Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшілік жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру