Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Соттылық мені бала үшін жауапкершіліктен босатпайды» – сотталғандар алименттерді қалай төлейді

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-да сотталғандар алименттерді қалай төлейтінін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егор 31 жаста, 2019 жылы ол тонау үшін колонияға түскен.

– Мен таксофонға келгенде бұрынғы әйеліме қоңырау шалып, қайда екенімді, не үшін отырғанымды айттым. Балаға ақша алу үшін не істеу керектігін түсіндірді. Менің ұлым қазір сегіз жаста, – дейді сотталған.

Сотталған мекемеге түскеннен кейін балаға алимент төлеу туралы атқару парағы алынған.

– Атқару парағы бар барлық сотталғандарға, оның ішінде алимент өндіру бойынша қарызды төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әрі қарай жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындарын ұсынамыз, еңбек шарты жасалады. Өкінішке орай, жұмыс орындары шектеулі, біз колония аумағына кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын жүргіземіз, бұл жұмыс орындарын көбейтіп, сотталғандарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді АП-162/3 мекемесінің бастығы Куаныш Койчубаев.

Айтпақшы, мекемеде эко ойыншықтар шығаратын цех, жиһаз шығаратын және металл құрастырылымдарын жасайтын цех бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру