«Қорғау – Қауіпті жүргізуші»: Алматыда жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды
Алматыда «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесімен жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Көрсетілген автоматтандырылған жүйенің обьективіне Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Audi көлігі түсті. Шетелдік көлікте ол жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін анықтады.
– Байзақов көшесімен бір деңгейде бұл көлікті патрульдік полиция экипажы тоқтатты. Бірден үш жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі анықталды. Атап айтқанда, көлік құралына жалған немесе жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнату, жалған немесе жасалаған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын жүргізу, көлік құралының алдыңғы жағына қызыл түсті оттары бар жарық құрылғыларын немесе қызыл түсті кері шағылысатын құрылғыларды, сондай-ақ жарықтандыру құрылғыларының түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін жарықтандыру құрылғыларын орнатуы. Жүргізуші көлік басқарудан шеттетілді. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмір таққан, көліктерге арнайы белгі беретін құрылғылар орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және басқа да құқық бұзушылықтарды жасаған көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыс жалғасып жатқанын еске салады.