Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық үш жасөспірімнің саябақтағы мүліктерді сындырғаны бейнекамераға түсіп қалды

Түркістандық үш жасөспірімнің саябақтағы мүліктерді сындырғаны бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасына «Жасыл Түркістан» мекемесінің қызметкерінен, белгісіз біреулер саябақтағы бір қоқыс жәшігі мен үш орындықты сындырып кеткені жайлы шағым келіп түсті. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл әрекет етті.

Бірінші кезекте кінәлілерді анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары атқарылды. Жан-жақты сұрастырылып, бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Соның нәтижесінде, саябақта теріс қылық жасағандардың әрекеті жазылған бейнежазба анықталды. Осылайша жас жігіттер тұрғылықты мекенжайларынан анықталды. Олар бір-бірімен көрші жасөспірімдер болып шықты.

Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру