Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада пробация есебіндегі жалғызбасты ана баспаналы болды

Елордада пробация есебіндегі жалғызбасты ана баспаналы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық пробация қызметінің есебіндегі А. есімді жалғызбасты ана баспанасыз қалған. Ол ҚР ҚК-нің 106-бабы (Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру) бойынша 3 жылға сотталған болатын, кейін амнистияға ілініп, жазасы 1,6 жылға қысқартылды.

Пробация қызметкерлері «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп сотталған әйел мен жаңа туылған сәбиін тұрғылықты жермен қамтамасыз етті.

– Бұл мекенжайда ол өз аяғына тұрып, жағдайын қалпына келтіргенше 1 жылға дейін тұра алады. Жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, мерекелерде де қосымша сыйлықтар беріледі, – дейді пробация қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру