Ақмола облысында ауыл тұрғыны тіркелмеген мылтықты үйінде сақтаған
Ақмола облысында ауыл тұрғыны тіркелмеген мылтықты үйінде сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз айналымнан атыс қаруын тәркілеу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.
Қабылданған шаралармен осы жылдың 6 айында заңсыз айналымнан 42 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 6 ойық, 35 бірлік тегіс ұңғылы қару, бір газ және ойық ұңғылы қарудың 88 патрондары тәркіленді.
511 азаматтық қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 416-сы сақтау ережелерін бұзғаны үшін және 95-і қаруды тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін.
20 шілдеде Бурабай жедел қызметкерлеріне аудан тұрғындарының бірі тіркелмеген мылтықты заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.
Келіп түскен сигналды тексеру барысында 23 жастағы ер адам анықталды, оның тұрған жерін тексеру нәтижесінде, 16 калибрлі ТОЗ маркалы екі ұңғылы, тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Ауыл тұрғынының айтуынша, ол қаруды бір жыл бұрын даладан тауып алған.
Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды.