Көкшетаулықтардың банк карталарынан ақша ұрлаған күдіктілер анықталды
Көкшетаулықтардың банк карталарынан ақша ұрлаған күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілдеде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 49 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өзіне тиесілі банктік шоттан 1,2 млн теңге көлемінде ақша ұрланғанын мәлімдеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны, жәбірленушінің туысы болып шықты.
Ер адамның айтуынша, ол әйел ұйықтап жатқанда, оның телефонын пайдаланып, шотынан өзінің жеке шотына ақша аударған.
Қаскүнем өзінің әрекетін жәбірленуші өз ақшасын саналы түрде пайдаланбайды деп түсіндірді.
24 шілдеде екінші эпизод облыс орталығының аумағында тіркелді. Полицияға жүгінген 42 жастағы қала тұрғыны бұрын таныс болған 23 жастағы ақмолалық оған тиесілі мобильді құрылғыдан қоңырау шалуды сұрағанын, кейін зардап шегушінің банктік қосымшасынан 90 мың теңге сомасындағы ақша қаражатының ұрланғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта қаскүнемді ұстау шаралары қабылдануда.
Екі дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.