Ақтөбеде мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды
Ақтөбеде мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz
25 шілде күні сағат 03:40 шамасында Ақжар-2 шағын ауданында патрульдік полиция қызметкерлері ресейлік есептегі Ваз-21112 автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында 32 жастағы жүргізуші көлікті басқару құқығынан айырылған бола тұра, мас күйінде рөлге отырғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.