Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды

Ақтөбеде мас жүргізуші УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 шілде күні сағат 03:40 шамасында Ақжар-2 шағын ауданында патрульдік полиция қызметкерлері ресейлік есептегі Ваз-21112 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында 32 жастағы жүргізуші көлікті басқару құқығынан айырылған бола тұра, мас күйінде рөлге отырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру