Ордабасыда полицейлер мас халдегі ер адамнан марихуана есірткісін тәркіледі
Ордабасыда полицейлер мас халдегі ер адамнан марихуана есірткісін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу мақсатында «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде.
Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды.
Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындады. Нәтижесінде, оның кептірілген марихуана есірткісі екендігі анықталды. Тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осы бап бойынша сотты болғандығын анықтады. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.