Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаған 36 жүргізушіні анықтады

Жетісайлық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 36 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол бойында орын алатын түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Рейд кезінде құжатсыз жүрген сегіз автокөлік айыптұраққа қойылып, 87 автокөлікке әкімшілік кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар түзілді.

Атап айтар болсақ, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша – 35, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануымен – 6, жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған үшін – 36, маневр қағидаларын бұзу бойынша 10 хаттама толтырылды.

Мәселен, Ваз 21144 автокөліктің жүргізушісіне қосымша жарықшам орнатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру