Алматыда ер адам 75 жастағы әжені тонап кетті
Алматыда бұрын сотты болған ер адам 75 жастағы әжені тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
33 жастағы Ж. есімді азамат қарт әжеге шабуыл жасап, оның жеке мүлкін иемденіп алған.
– Қаскөй әжені кіре берісте қарауылдаған. Пәтердің дәл кіреберісінде оған шабуыл жасап, физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, ұялы телефонын, жинақ ақшасын және алтын бұйымдарын иемденген. Жедел іс-шаралар барысында күдікті анықталды және ұсталды. Ол қамауға алынды. Өз кінәсін мойындады. Шабуыл жасаушының қылмыстық әрекетінің сериялық сипаты болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз, сондықтан қазір оның жеке басы басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.