Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында шартты түрде сотталғандарға электронды білезіктер тағылды

Маңғыстау облысында жазасын шартты түрде өтейтіндерге және бас бостандығынан шектелгендерге электронды білезіктер тағыла бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz

Электронды білезік құралы ең алдымен жаза өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылады. Пробация қызметі талапты орындамайтын сотталғандарды осы арқылы бақылауға алмақ.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне барлығы 41 электрондық бақылау құрылғысы бөлінді. Қазіргі таңда Ақтау қаласы - 12, Мұнайлы ауданы - 9, Жаңаөзен қаласы - 9, Бейнеу ауданы - 3, Қарақия ауданында бір білезік бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандарға, яғни қайта қылмыс жасауға бейім жазасын өтеушілерге тағылды.

- Білезіктің белбеуі оңайлықпен шешілмейді. Бұл құрал жеңіл, еш кедергі тудырмайды. Су өтпейді. Қуаты бірнеше күнге дейін жетеді, сотталған құралды үнемі қуаттандырып отыруға міндетті. Білезікті таққаннан кейін сотталғанның жүріс-тұрысын көріп, бақылап отырамыз. Ақпараттың барлығы планшетте болады, - дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметіне басшылық ету бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Тұрышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру