Алматылық әйел мемлекеттік қызметкермін деп тұрғындарды алдап соққан
Өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған 59 жастағы Алматы тұрғыны пәтер мен жер телімін алып беремін деп тұрғындарды алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады.
– ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін біздің бөлімшенің қызметкерлері 59 жастағы Ч. есімді азаматшаны ұстады. Ол өзін тұрғын үй инспекциясының қызметкерімін деп таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарламамен пәтер немесе жер телімін алып беруге көмектесемін деп уәде берген. Сондай-ақ, өзіне жүгінген адамдардан 100-ден 900 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас үш алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды. Зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты азаматтарды аталған адамға мұқият қарап, таныған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02 және 8-778-622-02-19, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.