ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері үйсіз жануарларға 100 келі жем алып барды
ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері үйсіз жануарларға 100 келі жем алып барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156/22 колониясының қызметкерлері үйсіз жануарларға барды.
Мұнда бүгінде 30 астам үйсіз жануар ұсталынады. ҚАЖ кызметкерлері өз күштерімен оларға 100 келіге жуық жем алып барды.
– Біз үнемі мұқтаж жандарға көмектесуге тырысамыз. Бұл жолы біз панасыз жануарлар тұратын үйге баруды жөн көрдік. Біз оларға біраз уақытқа жететін тамақ апардық. Алдағы уақытта бұл жануарларға тұрақты орын табуға көмектескіміз келеді. Оларға мейірімді де жауапты отбасылар қамқорлық жасауын қалаймыз, – деді мекеме қызметкері Арай Көшербаева.