Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде трактор айдаған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Түркістан облысында мас күйде трактор айдаған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түлкібас ауданының патрульдік полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген бағыт бойынша патрульдеу жұмысын тұрақты түрде жүргізуде.

Осы тұста полицейлер Түлкібас ауданына қарасты ауыл көшелерінің бірінде түнгі уақытта жол жүру ережесін бұзған МТЗ-80 тракторын тоқтатты. Аталған трактор жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында оның спирттік ішімдік ішкеніне күдіктенеді.

Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Жүргізушіге қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сәйкес, оның «орта дәрежелі» масаң күйде екені анықталды. Осыдан соң аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру