Павлодарлық полицейлер 10 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді
Павлодарлық полицейлер 10 мыңнан астам азаматтық қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың 6 айында Павлодар облысының полиция органдары азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу жағдайларын тексеру, халықтан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді алу, сондай-ақ атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізді.
Барлығы алты айда 10 397 азаматтық қару иелері тексеріліп, 533 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 349 қару иесі жауапқа тартылды. Заңсыз сақтағаны үшін 79 азамат жазаға тартылды. Қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін бұзған 105 адам анықталды. Заңсыз айналымнан 161 қару тәркіленді.
Сондай-ақ, осы жылдың 21 сәуірінде басталған Халықтың өтеулі ерікті түрде атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсыруы бойынша өткізіліп жатқан кезекті республикалық акция шеңберінде азаматтардан 70 өтініш келіп түсті. Тіркелмеген қарудың 75 бірлігі қабылданды, оның ішінде: ұзын ұңғылы ойық қарудың 16 бірлігі, тегіс ұңғылы қарудың 57 бірлігі, травматикалық қарудың бір бірлігі және ойық ұңғылы қарудың 8 287 патрондары.
Комиссиялар шамамен 6 млн теңге сомаға 73 қару мен 8149 патрон сатып алу туралы 67 шешім қабылдады.