Түркістан облысында деструктивті діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді
Түркістан облысында деструктивті діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.
Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткі затына ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақты зат ретінде алынған түптер құрамында есірткісі бар сора болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.