Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қызметтік ит көлік жолаушысынан есірткі тапты

ШҚО-да Барон атты қызметтік ит көлік жолаушысынан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Шемонаиха қалалық «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторымен және кинологиялық қызмет тобының қызметеркері 34 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ автокөлігі тоқтатқан.

Көлікті тексеру кезінде Барон қызметтік иті көлік жолаушысына белсенді белгі берген. Тексеру кезінде 40 жастағы жолаушының қалтасынан  өсімдік тектес заты бар, ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті қағаз орамы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы табылған зат салмағы 1,06 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру