Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жігіт әпкесінің телефонын ұрлап, сатып жіберген

Шымкентте жігіт әпкесінің телефонын ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында анасының үйіне қонаққа барып, сол жерде белгісіз жағдайда құны 85 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрланып кеткенін жазып көрсеткен.

Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефонды арызданушының туған інісі ұрлағанын анықтады. Белгілі болғандай, күдікті телефонды дүкендердің біріне 3500 теңгеге сатып, ол қаржыны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Ұсталған азамат бұл іске ақшадан қысылғандықтан амалсыз барғандығын айтып, өз кінәсін мойындады. Сұқ қолды азаматтың айтуынша, әпкесінің телефоны қуатталып жатқанын көріп және бөлмеде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, сол арада үптеп үлгерген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру