Павлодарлық полицейлер 5 мас жүргізушіні анықтады
Павлодарлық полицейлер 5 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қауіпсіз жол» айлығын өткізу аптасында Ертіс полицейлері автокөлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін бес жүргізушіні ұстады. Шілденің 27-нен 28-не қараған түні Ертіс ПБ полицейлері Қосағаш ауылының жанындағы дала алқабын патрульдеу кезінде Lada Granta автокөлігін тоқтатты.
Көлік құралын жүргізіп келе жатқан Екібастұз қаласының 35 жастағы тұрғыны мерекелік кештен кейін досына қонаққа баруға шешім қабылдағанын түсіндірді. Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың “орташа” дәрежесін көрсетті.
Ертіс аудандық сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
– Тек таза кездейсоқ жағдай ғана жүргізушіні жолдағы апаттан құтқарды, өйткені ол да жол-көлік оқиғасының қатысушысы болуы мүмкін еді, солай өз отбасына сияқты жолда кездескен жол қозғалысының басқа қатысушыларының отбасыларына да қайғы әкелер еді, – деді Ертіс ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.